Сәтпаев орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 7-11 класстар арасында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылды.Кешімізге жоғарғы кәсіптік орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып,оқушыларға мамандық таңдау,оның адам өмірінде алатын орны,маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту,7-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту.Бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін,озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету. Мамандықтардың түрлері,әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат берілді.Кешімізге Қ.Жубанов атындағы өңірлік университетінің, Мұнайгаз кафедрасының І курс студенті Сырымбаев Азамат, ІІ мәрте кеңес одағының батыры Талғат Бегелденов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери инстутының, Әуе қозғалғыштарының техникалық пайдалану мамандығының, І курс студенттері: Маратов Нұрнияз Асхатұлы, Абухаликов Руслан Жасұланұлы.АКНИГ колледжінің, програмист мамандығының ІІ курс студенті: Көптілеу Мирас Болатбекұлы. Қ.Жұбанов атындағы актөбе өңірлік университетінің, электроэнергетика мамандығының І курс студенті Карвоз Әділет Нұрланұлы қонақ болды.
Кештін бағдарламасы:
1. «Жарайсың» бұл студенттермен танысу бөлімі
2. «Бос микрофон» сұрақ жауап бөлімі
3. «Студенттік өмір-игі өмірдің бастауы» жағдаят тығырықтан шығу бөлімі
4. «Ақ тілектер» ҰСТАЗ-СТУДЕНТ-ОҚУШЫ-СТУДЕНТ ,ұстаздардың студенттерге арналған жылы лебізі
5.Ойындар




